Экологиялық сақтандару туралы толығырақ
Экологиялық сақтандыру қоршаған ортаға, өмірге, денсаулыққа немесе басқа тұлғалардың мүлігіне зиян келгенде, келісім-шартта көрсетілген міндеттемелерге жауапкершілік қатері төнгенде жеке немесе заңды тұлғаның (сақтандырылған) мүліктік құқығын қорғаумен байланысты қарым-қатынастардың кешені болып табылады.
Экологиялық сақтандыру - өзіндік белсенді дамуды талап ететін маңызды бағыт. Нарықты жіті реттеу аясында сақтандыру төлемдері келтірілген шығынның мөлшерін немесе тазалау жұмыстарының құнына тең келеді, сонымен қатар қайталанып тиюі мүмкін зиянын есепке алады. Мұндай жағдайда, қоршаған ортадағы шығынды экологиялық сақтандыру жүйесін дамыту мақсатында ластаушы-кәсіпорындарын ынталандыру қарастырылған, демек олардың жүзеге асырып жатқан өндірістік проецестері қоршаған ортаны ластау немесе апат тудыруға аз қауіп келтіретін болса, кәсіпорындар аз мөлшердегі сақтандыру төлемдерін төлейді.
Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты апатты ластану салдарынан қоршаған ортаға және (немесе) үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне келтірілген зиянның орнын толтыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Міндетті экологиялық сақтандару туралы» Заңына сәйкес шаруашылықтың немесе басқа қызметтің экологиялық қауіпті түрлерімен айналысатын жеке және заңды тұлғалар міндетті түрде экологиялық сақтандыруға жатады. Заң экологиялық қауіпті шаруашылық түрімен айналысатын және өзге де қоршаған ортаға зияны бар қызметті жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін анықтайды.
Аталмыш Заңды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 мамырдағы №423 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы №19 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы қабылданды.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерін қысқартуды, соның ішінде экологиялық қауіпті шаруашылық қызметті лицензиялауды алып тастау қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 95 бабына сәйкес (ары қарай – Экологиялық кодекс) экологиялық сақтандыру қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды экономикалық реттеу механизмдерінің бір түріне жатады.
Экологиялық зиян келтірген үшін жауапкершілікке тарту жүйелері экологиялық реттеу мәселелеріне альтернативті түрде қарайды. Реттеу мақсаттарына келсек, мұндай жүйелер орнаған жағдайға байланысты экономикалық стимул құру мақсатында, сонымен бірге бюджеттік кіріс алу мақсатында пайдаланылады. Экологиялық зиян келтіргеніне қатаң жауапқа тартылу жүйесі ластаушы келтірген зияны үшін қаржылай жауапкершілікке тартылған кезде, мұндай зиян тигізгені үшін қауіпті азайту бойынша шаралар қолдануға ерекше стимул қалыптастырады.
Келтірілген зиян үшін салынатын өтемақының мөлшері сәйкес мемлекеттік органдармен анықталады, ал зиянның орнын толтыру үшін төленетін сомаға қатысты туындаған даулар сот тәртібімен шешілетін болады.
Экологиялық қауіпті шаруашылық түрімен айналысатын кәсіпорындар үшін Экологиялық кодекс пен іске асыру шеңберіндегі шығыс нормативтік құқықтық актілермен І, ІІ, ІІІ санат бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының территориясына қалдықтар әкелу үшін экологиялық сақтандыру полисінің көшірмесін міндетті түрде ұсыну қажеттігі туралы талап қойылған.
Қалдықтарды ауыстыру Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес бекітілген сақтандыру келісім-шартымен жабылады.
Сонымен бірге Экологиялық кодекстің 293 бабы бойынша қауіпті қалдықтардың иесі болып табылатын немесе осындай қалдықтармен әрекетті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаларға қауіпті қалдықтармен айналысуларына талаптар қарастырылған, олар жоғарыда аталған Заңға сәйкес міндетті экологиялық сақтандыруға жатады.
Экологиялық сақтандырудың нысандары
Міндетті экологиялық сақтандыру нысаны шаруашылық қызметтерінің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асырушы тұлғаның мүліктік мүддесі болып табылады. Экологиялық қауіпті шаруашылық және басқа да қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы №543 «Экологиялық қауіпті шаруашылық және өзге де қызметтер түрлерінің тізімі» қаулысымен анықталған.
Міндетті экологиялық сақтандыру сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы келісім-шарт негізінде өміріне, денсаулығына, мүлкіне зиян келтірілуі мүмкін үшінші тұлғаның және (немесе) қоршаған ортаның пайдасына жүзеге асырылады.
Шаруашылықта және басқа да қызметте экологиялық қауіпті түрлерімен айналысатын жеке және заңды тұлғалар міндетті экологиялық сақтандыру келісім-шартынсыз өз қызметтерін жүзеге асыруға құқықтары жоқ.
Шаруашылық және басқа қызметтердің экологиялық қауіпті түрімен айналысатын нысанның бірден артық иесі болса, міндетті экологиялық келісім-шарты олардың кез келгенімен сақтандыру полисінде міндетті түрде нысанның барлық иелерін сақтанушылар ретінде көрсету арқылы жасалады.
Міндетті экологиялық сақтандыру келісім-шарты моральды зиян келтіруден, тұрақсыз төлем сияқты кері әсерлерден тыс экологиялық қауіпті шаруашылық түрлері мен басқа да қызметтерді экологиялық сақтандыруды жүзеге асыруда, өмірге, денсаулыққа, үшінші тұлғаның мүлкіне немесе қоршаған ортаға келген зиянның салдарынан болған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін іске асырады.
Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті сақтандырудың осы түрі (сыныбы) бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиіс.
Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерікті. Сақтандырушы сақтанушыға міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.
Міндетті экологиялық сақтандыру келісім-шарты сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін беруі арқылы жазбаша нысанда жасалады. Міндетті экологиялық сақтандыру келісім-шартында көрсетілуге тиісті талаптардың толық болмағаны үшін жауапкершілікті сақтандырушы өз мойнына алады.
Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.
Егер сақтандыру міндеті жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе міндетті экологиялық сақтандыру шартын сақтандырылушының жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасаса, бұл тұлға сақтандыру жағдайы басталған кезде, сақтандырылушының алдында тиісінше сақтандыру кезінде сақтандыру төлемі жүзеге асырылуы тиіс болатын талаптар деңгейінде жауаптылықта болады.
Міндетті экологиялық сақтандыру мына жағдайда күшін жояды:
- Келісім-шарттың әрекет ету мерзімі аяқталса;
- Келісім-шартты уақытынан бұрын тоқтатса;
- сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда.