Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық шәкіртақысы
«Болашақ» шәкіртақысы иегердің оқу шығынын, ВИЗАлардың жасалуын, тұру, жүру шығындары, үйіне барып келу ақысы, қажетті әдебиеттерге төлемі республикалық қазынадан төленеді.
Шәкіртақы екі кезең қорытындысымен белгіленеді. Бірінші кезеңде тілді еркін меңгеруді анықтау үшін әңгіме түрінде және психологиялық тест өткізіледі.
Шетел эксперттік комиссиясының тілді еркін меңгеру туралы жасайтын бітімі:
- Шетел жоғары оқу орнында оқуға толық әзірлігін айқындайтын шет тілін меңгеру деңгейіне баға береді;
- Шетел жоғары оқу орнының талабына сәйкес үміткердің жалпы дайындығын байқау;
- Міндетті саналатын стандартты емтихандар тапсыруға қабылдаушы жағынан ұсыныстар;
- Әрбір үміткерлікке жағымды және жағымсыз кепілдеме жасау және қорытындылау.
Психологиялық тестілеу нені анықтайды:
- Парасат дамуының деңгейі;
- Коммуникативтік сапа;
- Эмоционалдық-ерік-жігер сапасы (эмоционалдық тұрақтылық, өзін өзі ұстау деңгейі т.с.с).
Жұмыс жоспары үміткерлердің бакалавр және маман дәрежесін анықтай отырып, әңгіме өткізеді, екінші кезеңге өткен-өтпегенін Республикалық комиссиның қарауына жібереді.
Екінші кезеңді шетелде дайындалатын кадрлардың жеке жұмыстарының қорытындысы бойынша Республикалық комиссия Қазақстан Республикасының мамандық талаптарына сәйкес «Болашақ» шәкіртақысы бойынша шетелде білім алатындардың тізімін жасайды.
«Болашақ» халықаралық шәкіртақысы конкурсына қатысу хұқығына төмендегілер ие:
- Қазақстан Республикасының орта жалпы білім ортасының бітіруші азаматтары, бастауыш және орта кәсіби білім ортасын бітірушілер мен жоғары оқу орындарында оқитындар;
- орта білім туралы аттестатқа ие, білімінің үлгерімдік баллы 4.5-тан кем емес тұлға;
- бірыңғай ұлттық және кешендік тестілеуден 90 баллдан кем емес балл жинаған тұлға.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
- өтініш-негіздеме;
- толтырылған анкета;
- орта білім туралы аттестат немес бастауыш және орта кәсіби білім туралы дипломның нотариуспен заңдалған көшірмесі;
- талапкердің Бірыңғай ұлттық және кешендік тестілеуден өткендігі туралы сертификат көшірмесінің нотариуспен заңдалған түрі;
- оқу орны жетекшісінің қолы бар кепілдеме хат;
- егер бар болса, мақтау қағаздары, дипломдар мен сертификаттардың көшірмесі;
- денсаулығы жөнінде медициналық анықтама қағазы.
Бакалавр дәрежесіндегі жоғары мамандық білім алу мүмкіндігіне ие болған жеңімпаз Республикалық комиссияның шешімімен «Болашақ» шәкіртақысы есебінде бір-екі семестрлік шет тіліне дайындық курсынан өте алады.
Жоғары оқу орындарының рейтингі
ҚР жоғары оқу орындарының тізімі:
Мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі
Мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының тізімі
Ресей/ТМД/шетел филиалдары болып табылатын ҚР жоғарғы оқу орындарының тізімі
Мемлекеттік медициналық жоғарғы оқу орындары, медицина факультеттері туралы мәліметтер
Мемлекеттік емес медициналық жоғарғы оқу орындары, медицина факультеттері туралы мәліметтер
Жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелері