Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау және аккредиттеу
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1385 Қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережесіне сәйкес аккредиттеудің басты принциптері еріктілік, тәуелсіздік, объективтілік, жариялылық және айқындылық болып табылады.
Аккредиттеу білім ұйымының өтініші негізінде оның ведомстволық бодандығы мен меншік формасынан тыс бес жыл мерзімге жүзеге асырылады. Білім ұйымын аккредиттеу білім ұйымының өз есебінен жасалады. Жоғары оқу орындары халықаралық түрде мойындалған шетелдік агенттік арқылы халықаралық аккредиттеуден өтуге тиісті.
Заң бойынша аккредитация институционалды және мамандандырылған түрде жүзеге асырылады. Институционалды аккредиттеу тұтастай жоғары оқу орнын аккредиттеуді қарастырады, ал мамандандырылған аккредиттеу жекелеген білім беру бағдарламалары бойынша өткізіледі.
Елбасының «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» атты Қазақстан халқына жолдауына сәйкес 2007 жылдың сәуірінде білім беру қызметтеріне, оның ішінде 143 жоғары оқу орындары және 16 параметр бойынша 66 филиалдарға жоспардан тыс тексеру жасалды.
Тексеру кезінде республикада 176 жоғары оқу орындары, оның ішінде 9 ұлттық, 46 мемлекеттік және мемлекеттің атсалысуымен 14 азаматтық емес және 107 жеке меншік, сонымен қатар 76 қазақстандық филиалдар мен 5 ресей жоғары оқу орындарының филиалдары қызмет етті.
Тексеру нәтижелерін жанжақты сараптай отырып, сонымен қатар жоғары оқу орын құрылтайшыларының ұсыныстарын есепке ала отырып, жоғары оқу орындарының санын 36-ға, филиалдарын 58 ге қысқарту туралы шешім қабылданды.
2007 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында лицензияда аталған талаптарды сақтауға байланысты 29 жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне мемлекеттік аттестация және тексеру жүргізілді.
Лицензиялық талаптарға сәйкес білім ұйымдарына 2007 жылы жасалынған мемлекеттік аттестаттау мен тексеру нәтижелері бойынша жоғары оқу орындары 128 мамандық түрлері бойынша аттестациядан өткен жоқ.
42 мамандық түрлері бойынша білім беру қызметтерінің құқына арналған лицензия жойылды.
Жоғары оқу орындарының білім беру қызметтері 113 мамандық бойынша лицензия талаптарына сай емес деп танылды.
105 мамандық түрлері бойынша білім беру қызметін жүргізу құқына арналған лицензиялар кері қайтарылды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік аттестация жүргізу барысында білім берудің мемлекеттік жалпыміндетті стандарттардағы талаптарға білім беру қызметтерінің сәйкестігі анықталады.
Ережеде білім ұйымдарды мемлекеттік аттестациялау кезеңдері көрсетілген, білім ұйымадырн аттестациялау мерізімі жеті жұмыс күніне қысқартылған, білім ұйымдарындағы бірінші басшылардың көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына жауапкершіліктері қарастырылған. Сонымен қатар «аттестаттау» немесе «аттестаттан өткізбеу» туралы шешімдерін қабылдау құқы сәйкес атқарушы органға тиісті болып табылады.