Мені үйретсін…
Өскелең ұрпақтың кәсіби өсуінің негізі орта кәсіби білім мекемелері болып табылады. Қазақстан Республикасындағы бастауыш және орта кәсіби білім мекемелері онға жуық мамандық қатарын қамтиды..
Бастауыш және орта кәсіби оқу орындарына конкурстық негізде түсуге болады. Түсуге қажетті құжаттар:
- білім алуға қабылдау туралы өтініш;
- білім туралы құжат;
- N 086-У формасындағы медициналық анықтама қағазы (І және ІІ топтағы мүгедектерге медико-әлеуметтік эксперттік комиссиясының анықтамасы керек);
- 3х4 өлшемді 4 фотосурет,
- сол жылы жалпыбілім беретін мектеп түлектеріне берілетін ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеу туралы сертификат
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, паспорт немесе туу туралы куәлік).
Оқуға түсушілерді қабылдаудың тәртібі Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережелерімен реттеледі.