Жастар саясатын ақпаратпен қамтамасыз ету
Мемлекеттік жастар саясатының қызметін ақпараттандыру мынадай тақырыптық бағытта жүргізіледі: «Мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдау», «Балалар мен жастарды адамгершілік пен мәдениетке, патриоттық, интернационалды тәрбиелеу туралы материалдардың басылуы», «Салауатты өмір салтын насихаттау», «Жастар проблемасындағы әлеуметтік-маңызды жобаларды ақпаратандыруды қолдау».
Жастар проблемасы шеңберіндегі әлеуметтік-маңызды жобаларды ақпараттық қолдауға байланысты 2005 жылы Қазақстан жастар Конгресі республикалық «Жастар» атты ақпараттық-кеңес орталығын құрды. Нашақорлық, ішімдікке салыну сияқты теріс қылықтардың жастар арасында болдырмаудың алдын алу жұмыстары «Қазақстанның телерадиотарату Ассоциациясы» Қоғамдық Қоры, Еңбек және құрылыс отрядтарының Республикалық штабы (ЕҚОРШ), Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен әлеуметтік роликтер дайындалды.
«Жасыл ел» РШ-да жастар ұйымының көшбасшыларының негізгі жастар бағдарламасының қызметін жандандыру үшін ақпараттық семинарлар өткізілді.
Қазақстан жастар Конгресінің «Время молодых» жалпы республикалық жастар газеті тұрақты шығып тұрады. Қазақстан студенттер Альянсының «Альянс kz» газеті 2005 жылдың шілдесінен бастап Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде тіркелген. Жастар саясаты шеңберіндегі электронды, басылымдық БАҚ-ң басты бағыттары:
Жастарды патриоттық тәрбиелеу;
Жастардың рухани жан-дүниесін көтеру;
Қоғамдық өмірге белсенді араласуын насихаттау;
Салауатты өмір салтын насихаттау;
Нашақорлықпен күрес;
Жастардың демалуы және еңбек ету мәселелері;
Жастарды мемлекеттік және қалалық әкімшіліктің тыныс-тіршілігімен ақпараттандыру.