ru en
Персонализация Сертификатпен кіру
ИИНКілт сөз:
Тіркелу Парольді ұмыттыңыз ба?
Билік Азаматтар Бизнес Шетелдіктер Менің порталым
  Денсаулық және экология   Фармация  


Preparatory classes are a form of mandatory training for children of senior preschool age. They were established due to a number of reasons, but above all, because of massive closing of preschool organizations, which in 1995 to 1999 resulted in absolute majority of children’s entering primary schools not having achieved the required level of general personal development, and not having been prepared for studying at school in terms of psychological, cognitive, and general cultural background. Most of those children, when they found themselves in a new situation at school, felt uncertainty when orientating in the environment. Such first-grade pupils’ unconfident behavior caused their classmates’ negative emotions, which, of course, hurt their mentality and aroused unkindly attitude even on the part of the teachers. For that matter, in 1998-1999, Kazakhstan Ministry of Education & Science, in terms of preparing the draft Law “On Education”, initiated the working out of a new regulation on mandatory, free preparation for school for 5 to 6 age children in government-owned education institutions in terms of comprehensive education program, so called PREPARATORY CLASS.

Дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылаудың мемлекеттік жүйесі


Мемлекеттік бақылауға Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және оның аумағына әкелінген дәрі-дәрмектер жатады.

Дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылаудың мемлекеттік жүйесінің құрамына:
  • денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган,
  • ғылыми-зерттеу ұйымдары, институттар, орталықтар, қауіпсіздікті қалыптастыру, зерттеу және тексеру жөніндегі, дәрі-дәрмектердің тиімділігі мен сапасын сынақтан өткізетін зертханалары кіреді.
Осы бағытта сонымен бірге мыналар жұмыс істейді:
  • дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын бағалау жөніндегі арнайы эксперттік комиссия,
  • дәрі-дәрмекті сипаттайтын ақпараттық жүйелер құрылады,
  • дәрі-дәрмектерді сараптау орталықтары.
Фармацевтикалық қызметтерді мемлекеттік реттеу мына жолмен жүзеге асырылады:
  • дәрі-дәрмектерді мемлекеттік тіркеу;
  • фармацевтикалық қызметті лицензиялау;
  • дәрі-дәрмектер айналымы саласындағы техникалық реттеу;
  • фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды аттестаттау;
  • фармацевтикалық қызметті мемлекеттік қадағалау және бақылау;
  • дәрі-дәрмектердің бағасын мемлекеттік реттеу.
Дәрі-дәрмек айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау мына жолмен жүзеге асырылады:
  • дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар құпия хабарламадан тыс, шағымдар, өтініштер мен өзге де формадағы ресми өтініштер бойынша, соның ішінде халық денсаулығы мен ұлт қауіпсіздігіне төнген қауіптің шұғыл алдын алуды талап ететін жағдайларды тексеру;
  • уәкілетті органның міндетті тұлғасына берілген бұйрықтың бұзылуы мен орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар.
Дүние жүзіндегі көптеген елдердегідей, Қазақстан Республикасындағы халықтың денсаулығы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторына тікелей байланысты, сондықтан заң бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрі-дәрмекті медициналық тәжірибеде өндіруге, сақтауға, іске асыруға және қолдануға тыйым салынады.

Мемлекеттік тіркеу кезінде ғана дәрі-дәрмектердің фармацевтикалық нарықта болу қажеттілігі мен қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын анықтау жүргізіледі.

Мемлекеттік тіркеудің міндетті шарты дәрі-дәрмектерге сараптама жасау болып табылады. Барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда дәрі-дәрмек қауіпсіздігі мен сапасына талап өсіп отыр. Бүгінгі күні дәрі-дәрмектерді сараптаудан өткізу кезінде тіркелетін өнімді оның қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасына байланысты толық танып-білу және зерттеу ісі жүргізіледі. 

Дәрі-дәрмектер мемлекеттік тіркеу нәтижелеріне байланысты дәрі-дәрмектердің Мемлекеттік тізіліміне енгізіледі және уәкілетті органмен бекітілген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі.

Астана қаласындағы дәріханалар


Қосымша:
пікір жіберу
басып шығару жоғары
       
Жариаланды: 06.05.08
Қаралды: 1510