Қалпына келтіріп емдеу және медициналық суықтыру
Қалпына келтіріп емдеу – аурудың организмін функционалды қабілеттілікте қолдау және қалпына келтіру бағытында жүргізілетін кешендік шара. Қалпына келтіріп емдеудің мақсаты ауруды жазу немесе оның зардаптарын әлсірету, жою, аурудың психологиялық, физиологиялық және анатомиялық жағдайын кәмпескелеу.
Медициналық сауықтыру – аурудың денсаулығы мен организмінің бұзылған және жоғалған функцияларын қалпына келтіруге бағытталған кешендік медициналық көмек. Медициналық сауықтырудың мақсаты - денсаулықты, еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіру, жеке және әлеуметтік статусты, материалдық және әлеуметтік тәуелсіздікті, қоғамдық өмірдегі кәдімгі жағдайды қалпына келтіру.
Қалпына келтіру емі мен медициналық сауықтырудың негізгі түрлері
Қалпына келтіру емі мен межициналық сауықтыру түрлеріне мыналар жатады:
-
медикаментоздық (патогенездік) ем, фармакологиялық терапия;
-
қайта ауыстырымдылық хирургия (жедел қайта ауыстырымдылық – қалпына келтіруші және пластикалық операциялар, аорто – коронарлық тамырластыру, жүректің клапандарын және тамырларын протездеу, органдарды ауыстырып қондыру ) ;
-
емдеудің физикалық әдісі:
-
электрлі емдеу (гальванизация, электрофорез, электросон, диадинаметрия, амплипульстік ем, электростимуляция, флюктуризация, дарсонвализация, индуктотермия, ультражоғары жиілік ем, микротолқындық ем, кванттық ем, магниттік ем);
-
сәулемен емдеп жазу (инфроқызыл сәулелендіргіш, ультракүлгін сәулелендіргіш, лазерлік сәуле);
-
ультрадыбыспен емдеу, сумен емдеу, бальне ем (булау (ванна), себелек (душ), бассейндегі сабақ ,құйыну,минералды сумен емдеу);
-
жылыбалшықпен емдеу (парафино – озокеритомен емдеу, балшықпен емдеу,дененің белгілі бір жеріне шипалы балшықты, парафинді бейімдеп қондыру);
-
ингаляциялық ем ( аэрозоль және аэроионо ем, гало ем, баро ем, оксигено ем).
-
емдік дене шынықтырулары, емдік гимнастикалар (жеке және топпен),
-
ертеңгілік гигиеналық дене шынықтырулары, қыдыру және жүру (терренкур), спорттық ойындар мен спорттық жаттығулар;
-
механикалық ем, тракциондық ем, ортопедикалық әдіспен ем, гидрокинезикалық ем;
-
мануалды ем, массаж ( классикалық ,сигментарлық, нүктелік, тықылдату, діріл массажы);
-
еңбекпен емдеу – аурудың еңбекке қабілеттілігін және бұзылған функцияларды қалпына келтіруге арналған белсенді әдіс. Еңбекпен емдеу жалпы бекіткіш, қалпына келтіргіш және кәсіби (бұрынғы қалпына және формасына келтіруге бағытталған кәсіби сапасымен қабілеттілігі, сол сияқты еңбекке икемділігін қалпына келтіруге бағытталған) болуы мүмкін;
-
психологиялық ем;
-
диеталық ем;
-
дәстүрлі және халықтық әдіспен емдеу (акупунктура, гомеопатия,фито ем);
-
әлеуметтік психологиялық емдеу әдісі (қызықты емдеу, ортамен емдеу, тілін қалпына келтіріп емдеу)
-
кинезо ем (организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіру үшін арнайы таңдаулы дене шынықтырулар кешені);
-
эргоем (әлеуметтік жән кәсіби салада жеке тәуелсіздіктің, жоғары деңгейіне жетуге бағытталған іс – шаралар кешені);
-
протезді – ортопедтік көмек (аурулар мен мүгедектерді протезді – ортпедтік бұйымдармен қамтамасыз ету және оны пайдалануды үйрету, сонымен қатар қалпына келтіруші, консервативті және хирургиялы емдеу кешені);
-
мүгедектерді медициналық қалпына келтіруде техникалық құралдарымен қамтамассыз ету және ол құралдарды пайдалануға үйрету. Медициналық қалпына келтіру техникалық құралдарына жатады: қанның диализінің апараты велотренажерлер және велоэргометрия, есту аппараттары (пейсмекерлер), тесіліп ойылуға қарсы құралдар, статодинамикалық функцияның жаттықтыру құралдары, вестибулярлық аппараттар, жүректі ширатып қондыру аппараттары, нәжіс қабылдаулар мен зәр қабылдаудар, стом арқылы тамақты жіберу қондырғысы, парантералдық қоректену.
Сауықтыру іс-шараларының көлемі сауықтыру көмегінің деңгейіне байланысты болады. Ауруларды еңбекке жарамды ету орталығының жағдайы және мүгедектер медициналық еңбекке жарамды ету техникалық құралдарымен қамтамасыз етіледі және ол құралдарды пайдалануға үйретіледі. Емделіп жатқандарға дәрігерлер мен арнайы мамандар динамикалық бақылау жүргізіп отырады.
Астана және Алматы қалаларының, облыстық, қалалық, аудандық ауруханалар мен емханаларының анықтамалығы
Денсаулық саласында қызмет көрсетуге арналған лицензиясы бар республикалық ұйымдардың тізімі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің веб-сайты www.mz.gov.kz