Балалардың денсаулық сақтау құқығы
Мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер арнайы медициналық және
балаларға арналған сауықтыру, емдеу ұйымдарының торабын дамытуды қамтамасыз етеді.
Балалар мынаған құқылы:
- Міндетті мерзімді медициналық тексеруден өту
- Тұрақты диспансерлік бақылау
- Тегін медициналық көмектің кепілді мөлшері шеңберіндегі емдеу және сауықтыру
Балалары стационарлық ем алған жағдайда анасы (әкесі) немесе өзге тұлғаға
медициналық ұйымда ауру баланы бағуға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама немесе
қағаз алу мүмкіндігі ұсынылады.
Баланы кеудемен емізетін анаға бала бір жасқа жеткенге дейін медициналық ұйымда баланы бағумен стационарда болса тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
Мектеп жасындағы балалар стационарлық, емдеу, сауықтыру кезеңінде стационар, сауықтыру орталығы мен шипажайларда оқуларын жалғастыруға құқылы.
Мүмкіндіктері шектеулі, сонымен қатар ВИЧ, СПИД ауруымен ауыратындар, кәмілет жасқа толмағандар білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында тегін әлеуметтік және әдістемелік-педагогикалық коррекциялық қолдау алуға құқықтары бар.
ВИЧ жұқтырған балалар балалар үйінде және жалпыға арналған оқу-тәрбиелік ұйымдарда болуға құқықтары бар.