Мүгедектікті бекіту
Азаматты мүгедек деп танудың негізі мыналар:
- ағза функцияларының тұрақты мазалап денсаулықтың бұзылуы;
- өмірлік қызметінің шектелуі (тұлғаның өзін өзі қамтамасыздандыруға толығымен немесе жарым-жартылай қабілетін жоғалту, өзі қозғалу, қарым-қатынасқа түсуі, өзінің іс-қимылын бақылау, еңбек қызметімен айналысу немесе үйрену);
- әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттілігі.
Мүгедектік тобын белгілеу және тіршілік әрекетіне қабілетсіздік дәрежесін анықтау және қосымша көмек түрлеріне мұқтаждығын белгілеу, халықты әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы орталық атқарушы органдарының аймақтық бөлімшелерімен (ары қарай – аймақтық бөлімшелер) медициналы-әлеуметтік сараптамаларды (ары қарай - МӘС) жүргізу арқылы анықталады.
Дене мүшедегі функциялардың бұзылуының дәрежесіне және тіршілік әрекетінің шектелуіне байланысты мүгедек деп танылған тұлғаға бірінші, екінші, үшінші топ белгіленеді. 16 жасқа дейінгі тұлғаларға «мүгедек-бала» дәрежесі беріледі, он алты жаспен он сегіз жас аралығында мүгедектерге бірінші,екінші, үшінші топтағы «мүгедек - бала» дәрежесі белгіленеді.
Ағзадағы жасқа байланысты өзгерістерге, мүгедектік топты белгілеудің негізі бола алмайды.
Медициналы-әлеуметтік сараптама
Медициналы-әлеуметтік сараптама тұрғылықты жеріне байланысты медициналық ұйымдардың жолдауы бойынша өткізіледі, ол үшін төмендегі құжаттарды беру тиіс:
- (088/к үлгідегі) медицина-әлеуметтік сараптамасына жолдама, есте сақтаңыз, жолдаманы рәсімделгенінен соң 1 ай ішінде әкелу қажет;
- жеке басты куәландырушы құжатты;
- тұрғылықты тұратын жеріңізге байланысты мәлімет;
- амбулаториялық карта;
- еңбек қызметі жөніндегі мәлімет.
МӘС белгілеген кезде мүгедектіктің мына себептері анықталады:
- жалпы сырқаттануы;
- еңбекте зақымдануы;
- мамандыққа байланысты дерттер;
- бала кезінен мүгедектігі;
- өкілетті органның себепті-сараптамалық белгілерін анықтау шартымен, әскери қызмет міндеттерін атқару кезіндегі жауынгерлік әрекеттер арқасында, әскери қызметке байланыссыз жазатайым жағдайлар барысында алған жарақаттар, зақымдар, дерттер;
- өкілетті органның себепті-сараптамалық белгілерін анықтау шартымен экологиялық төтенше жағдайлар барысында болған зақымдар, сонымен қатар ионозиялық сәулелену немесе олардың салдарының арқасында болған зақымдар.
Мүгедектікті және еңбекке қабілетсіздік дәрежесі белгіленгенде төмендегі құжаттар беріледі:
- мүгедектігі туралы анықтама;
- «Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларынан үзінді» көшірме;
- тіршілік әрекетінің шектеулі дәрежесі туралы анықтама;
- арнайы қозғалу құралдарына мұқтаждығы туралы анықтама