Жас мамандарды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетудің республикалық орталығы
Staff.kz Интернет жүйесі - дегеніміз – бұл жұмыс берушілердің барлық санаттарына мамандарды іріктеудің тегін жүйесі, сонымен қатар бұл талапкерлерге, студенттерге, түлектерге және оқу мекемелерінің басшыларына еліміздегі еңбек және білім нарығына жалпы және жергілікті деректерді беруші ашық ақпарат жүйесі.
Қазақстандық түйіндеме банкіне өзіңіз жайлы деректерді енгізу үшін, сізге әкімшілік қол жеткізудің (логин және PIN-код) дербес кілті қажет. Логинді және PIN – кодты жоо және колледждер аясында қызмет етуші немесе ізденушілерді тіркеу жақын маңдағы мекенде, жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету Орталықтарында алуға болады. Оның орналасқан жерін мына телефондар арқылы анықтаңыз Алматы қ. 54-30-69.
Сіздің құзырыңызда Staff.kz Интернет-жүйесіндегі дерекқорлардағы жас мамандардың түйіндемелерін ашық түрде іздеу мүмкіндігі бар. Іздеуге кірісу үшін жүйеде міндетті түрде тіркелу қажет.