Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке алу
Жұмыссыздар – бұл еңбек етуге жарамды жастағы, жасына қарамастан кіріс әкелетін қызметпен айналыспайтын, жұмыс іздеуші және еңбек етуге дайын тұлға.
Жұмыс іздеуші тұлғалар тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмысқа орналасуға көмекке келетін
уәкілетті органға бара алады.
Жұмыс іздеуші тұлғаны жұмыссыз деп тану туралы шешім келесі құжаттардың негізінде уәкілетті органмен қабылданады:
- жеке куәлік (паспорта)
- еңбек қызметін анықтайтын құжаттар
- әлеуметтік жеке кодын беру туралы куәлік (ӘЖК)
- салық төлеушінің тіркеу номері (СТН)
Сонымен қатар, жұмыс іздеуші тұлға алған кіріс көздері туралы мәліметті қосады (өтініш түрінде).
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұру түрі мен азаматтығы жоқ азаматтың жеке куәлігін ішкі істер органдарына тіркеу туралы белгілеу арқылы ұсынады.
Оралмандар халықтың көші-қоны мәселесі жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен берілген оралман куәлігін ұсынады.
Уәкілетті орган құжаттардың келіп түскен күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде өтініш берген тұлғаларды мекен-жайы бойынша жұмыссыз ретінді тіркейді.
Уәкілетті органға тіркелген жұмыссыздар он күнтізбелік күн ішінде кем дегенде бір рет, ауылдық елді-мекендерде тұратын жұмыссыздар ауыл, елді-мекен, ауылдық округ әкіміне айына бір рет барып тіркеліп тұруылары тиіс.
Жұмыссызды есептен шығару
Уәкілетті орган мына жағдайларда жұмыссыздарды есептен шығарады:
- қолайлы жұмысқа байланысты екі нұсқадан жазбаша бас тарту
- жұмысқа орналастыру немесе оқыту жөніндегі уәкілетті орган жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде себепсіз келмеген жағдайда
- жұмысқа немесе оқуға жолдама алу үшін уәкілетті органның шақыруы бойынша екі жұмыс күні ішінде себепсіз келмеген жағдайда
- жұмыссыз өз еркімен, еш себепсіз қоғамдық жұмысқа араласуын тоқтатса немесе уәкілетті органның бағыттауымен оқуға келмеген жағдайда
- мекен-жайдың ауысу туралы Заңның 7 пунктінің 15 тармағында қарастырылғандай, жұмыссыз себепсіз уәкілетті органға келу мерзімін бұзған жағдайда
- заңның 2 бабына сәйкес жұмыспен қамтылғандар санатына кірсе
- соттың шешімі бойынша жұмыссызды бостандығынан айыру немесе ықтиярсыз емделу сияқты жазалау
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындау
Есептен алынып тасталған жұмыссыздар уәкілетті органға есептен алынған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қайта тіркеле алады.