Еңбекті нормалау
Еңбекті нормалау – бұл жұмысшының нақты ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда жұмыстарды атқаруға (өнім бірлігін дайындау) кеткен еңбек шығындарын (уақыт) анықтау және сол негізде еңбекті нормалау.
Еңбекті нормалауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктерге мыналар кіреді:
-
типтік нормалар мен еңбек жөніндегі нормативтер;
-
техникалық тұрғыдан негізделген типтік нормалар мен еңбек жөніндегі нормативтерді мемлекеттік органдармен жасауды қамтамасыз ету;
-
жұмыс берушілердің еңбек нормасының жасалуын, жүргізілуін және қайта қаралуын қамтамасыз етуін бақылау.
Еңбек (өндіру, уақыт, қызмет көрсету) нормасы дегеніміз еңбек шығынының өлшемі болып табылады және өндіріс пен еңбек ұйымының, техниканың, технологияның жеткен деңгейіне сәйкес жұмысшының біліктілігіне орай бекітіледі.
Он сегіз жасқа толмаған жұмысшылар үшін өндіру нормасы
Еңбек Кодексінің 182 бабына сәйкес бекітіледі.
Жалақысы мерзімді төленетін жекелеген санаттағы жұмысшыларға нормаланған тапсырмалары бекітілуі мүмкін. Жеке қызметтер мен дұмыс мөлшерін орындау үшін жұмыс берушілергеқызмет көрсету нормасы немесе жұмысшылар санының мөлшері (нормативтер) бекітілуі мүмкін.
Еңбек нормасын жасау, жаңаны енгізу, ауыстыру және қайта қарау типтік нормалар мен еңбек жөніндегі нормативтерді есепке ала отырып, жұмысшы өкілдерімен келістіру арқылы жұмыс берушімен жүзеге асырылады.
Еңбек жөніндегі типтік ережелер мен нормативтер бекітілген тәртіпте еңбек жөнінлегі мемлекеттік өкілетті органмен келістіру арқылы қызмет түріне сәйкес мемлекеттік өкілетті органмен бекітіледі.
Еңбек жөніндегі типтік ережелер мен нормативтерді ауыстыру және қайта қарау еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік органмен анықталған тәртіпте бекітілген органмен жүзеге асырылады.
Еңбек нормасы еңбектің өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін жұмыс орындарын аттестациялау және рационалдау, жаңа техника, технология енгізу және ұйымдастырушылық-техникалық шараларды өткізу жағдайына байланысты міндетті ауыстыруға жатады.
Жекелеген жұмысшылар өз ықыласымен еңбектің жаңа тәсілдерін пайдаланып, жұмыс орындарын жетілдіру нәтижесінде өнім өндірудің (қызмет көрсету) жоғары деңгейіне жетсе, бекітілген еңбек нормасын қайта қарау қажет болып саналмайды.
Еңбек нормасын жетілдіру кезінде мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:
-
еңбек нормасының сапасы, оның қажетті еңбек шығынына оңтайлы жуықталуы;
-
ұқсас ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда орындалатын бір жұмысқа бірдей еңбек нормасын бекіту;
-
ғылым мен техниканың дамуы негізінде еңбек нормасының прогрессивтігі;
-
еңбекті нормалауда еңбек нормасын бекіту мақсаттық болып саналатын жұмыс түрлерін қамту;
-
еңбек нормасының техникалық (ғылыми) негіздемесі.
Тарифтерге мемлекеттік реттеу жүргізетін қызметтерге (тауарлар, жұмыстар) ұйымдарда еңбек нормасын ұсыну, қарау және келістіру тәртібі еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік органмен бекітіледі.
Назар аударыңыз!
Жұмыс берушінің жаңа еңбек нормасын енгізгені туралы ақпарат бір айдың ішінде жұмысшыларға хабарланады.