Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету
-
зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау мен төлеу тәртібі туралы толық әрі нақты, олардың мөлшері, төлемнің бір түрінен екінші түріне өту, зейнетақы мөлшерін қайта есептеу және әлеуметтік төлемдер мәселесі бойынша өзге де Сізді қызықтыратын ақпараттарды алу
-
қызметкерлердің сыпайылығы, жауапкершілігі мен кәсібилігі;
-
бекітілген үлгідегі өтінішті тегін алу
-
зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тартылса себебін көрсету арқылы шешім қабылдау туралы хабарламаны алу
-
Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына, бірінші топтағы жасы он сегізге жетпеген тұлғаларға, сонымен қатар зейнетақы мен жәрдемақы алу үшін банкке біреудің көмегінсіз келе алмайтындығы жән денсаулығына байланысты жарамсыз деп танылған медициналық қорытынды қағазы бар тұлғаларға тағайындалған төлемдерін банктегі жеке есеп шотқа түсіру немесе үйге әкеліп беру
Сонымен бірге Сізге:
-
бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынас
-
қарым-қатынас жасауда зеректік, сауаттылық және сыпайылық
-
қосымша ақпарат қажет жағдайда толық және нақты ақпарат беру арқылы қызмет көрсетіледі
Ай сайынғы зейнетақы төлемінің мынадай түрлері Заңмен қарастырылған:
-
ЗТМО-дан зейнетақы төлеу – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтілімен қатар жүзеге асырылатын алты айдан кем емес еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға ақша төлеу
-
Зейнеткерлік жасқа жетісімен Қазақстан Республикасы азаматтарына ұсынылатын мемлекеттік базалық зейнеткерлік ақы