Баланың туылуына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы
Баланың туылуына байланысты жәрдемақы – бұл балаың өмірге келуіне байланысты тағайындалатын немесе төленетін қаржылай төлем.
Екі немесе одан да көп балалардың туылуына әр балаға жәрдемақы тағайындалады және төленеді.
Тууға байланысты жәрдемақы өтініш берген күннен бастап бір уақытта төленіп отырады.
Баланы бағу бойынша жәрдемақы баланың туылған күнінен бастап бір жасқа толғанға дейін тағайындалады.
Бала асырап алған, сонымен қатар балаларды қарауына алған отбасын бағуға және баланың туылуына жәрдемақы баланы асырап алу туралы немесе баланы қарауына алуға шешім қабылдаған күннен бастап тағайындалады.
Баланың туылуына байланысты жәрдемақы отбасының кірісіне қарамастан тағайындалады.
Назар аударыңыз!
Жәрдемақыны тағайындауға өтініш беру мерзімі баланың туылуынан бастап он екі айдан аспауы тиіс.
Ата-ана, асыраушылар мен қарауына алғандар өздері келе алмайтын болса, жәрдемақыны тағайындауға өтініш беруге өзге тұлғаның өкіл ретінде келуі заңмен қарастырылған (бекітілген тәртіптегі сенім хат негізінде).
Жәрдемақыны тағайындау туралы шешім Департаментті ЗТМО дан өтініш берушілердің іс қағаздарын қабылдаған 10 күннен бастап қабылданады.