ru en
Персонализация Сертификатпен кіру
ИИНКілт сөз:
Тіркелу Парольді ұмыттыңыз ба?
Билік Азаматтар Бизнес Шетелдіктер Менің порталым
  Қазақстан туралы   Қазақстан мәдениеті  


Preparatory classes are a form of mandatory training for children of senior preschool age. They were established due to a number of reasons, but above all, because of massive closing of preschool organizations, which in 1995 to 1999 resulted in absolute majority of children’s entering primary schools not having achieved the required level of general personal development, and not having been prepared for studying at school in terms of psychological, cognitive, and general cultural background. Most of those children, when they found themselves in a new situation at school, felt uncertainty when orientating in the environment. Such first-grade pupils’ unconfident behavior caused their classmates’ negative emotions, which, of course, hurt their mentality and aroused unkindly attitude even on the part of the teachers. For that matter, in 1998-1999, Kazakhstan Ministry of Education & Science, in terms of preparing the draft Law “On Education”, initiated the working out of a new regulation on mandatory, free preparation for school for 5 to 6 age children in government-owned education institutions in terms of comprehensive education program, so called PREPARATORY CLASS.

Қазақстанның ежелдегі мәдениеті


Ежелгі қазақстан аймағын игерудің бастапқы кезеңі 6 мың, жыл бұрынғы мал бағушы ежелгі-ари тайпаларының қоныстануы болды. Оңтүстік Оралдағы Шынташты және Арқайым кешендері сол кезеде өмір сүрген тайпалардың заттық дәлелі.

4-5 мың жыл бұрын тарих және мәдениет орталығы солтүстіктен оңтүстікке қарай, Оңтүстік Оралдан Інд жазықтығына жылжып отырды. Ежелгі қоныстанған тайпалардың жоғары мәдениетінің дәлелі, Қазақстанның ғибадатханасы – Тамғалы шатқалы. Бұдан ертедегі кезең (VII-IVғ.ғ б.ғ.д) – сақтардың патшалық қорғандары, тарих және мәдениет шыңының ескерткіштері – Қазақстанның оңтүстігінде Ыссық және Бесшатыр қорғандары, шығысында – Шілікті қорғаны, батысында – Аралтөбе қорғаны.

Ыссық қорғаны –Қазақстан аймағында V- IV ғ.ғ б.ғ.д. өмір сүрген сақ тайпалары тарихы мен мәдениетінің ең көрнекті елесі. Қазба барысында алтыннан жасалған ыдыс-аяқ және басқа да заттар табылды. Қазақстан елінің даңқын бір көтерген алтын киімдегі жауынгер мен 26 таңбадан тұратын күмістен жасалынған айшынақтың табылуы болды. Бұл сол кездегі ежелгі тайпалардың өркениетінің ұлылығын көрсетеді.

Қолданбалы-сән ескерткіштерінің бірегейі болып – киіз үй табылады. Ол біздің күнімізге дейін жеткен көшпенділер сәулетінің үлгісі. Жинақы жеңіл, лезде жиналып қойылатын тұрғын үй.

IX-XIII ғ.ғ. қалалық мәдениет дамыды. Түрік кезеңінің ежелгі жазбаларында, ортағасырдағы атақты қалалардың атаулары таңба болып қалған – Отырар (Фараб), Тараз, Ісфиджап (Сайрам), Сығанақ, Суяб, Сауран, Жаңакент, Яссы, Қойлық, Талғар және т.б. Сәулеттің шыңы болып табылатын ғажайып ғимарат - кесенлердің дәлелі - Әулие-Ата, Баба-ата, Айша-Бибі, Қарахан, Арыстанбаб сәулеті және сән өнері қазіргі замандастарды таң қалдырады.

Жазба ескерткіштері сол кезде дамыған өнер, әдебиет және ауызша халық шығармашылының іздерін көрсетеді. Әдебиеттің жарқын мысалы – Орхон жазбалары. Барлық тайпалардың кезеңіне жататын (VII) Орхон поэмалары. (VIII) «Қорқыт-наме», (IX) «Оғыз-наме». Олардың түпнұсқалары, түрк тайпаларын басқарған, түрк тайпаларының Күлтегін, Білге-Қаған, Тоныкөк атақты бектері мен батырларына қойған үлкен жерлеу тақталарында табылда.

Әдебиеттің тарихына ұлы ойшылардың, ғалымдардың және ақындардың есімдері енген. Әбунасыр әл-Фараби – көптеген ғылымдар мен өнердің, математика, сәулет, музыканың негізін қалаушы, Махмұд Қашғари құннсыз «Диуани-лұғат-ат-түрік» (Түрік сөздерінің сөздігі) шығармасының авторы, Ходжа Ахмет Яссауи үздік діни өлеңдер жинағы «Диуани-и-Хикмет» авторы, Орталық Азия және Қазақстан халықтарының «Құтадғұ-білік» көрнекті шығармасының авторы Жүсіп Баласағұн.

Алтын Орда, былай айтқанда қыпшақ кезеңдеріне (XIII-ХIV ғ.ғ) «Қисса-сұл-анбие», «Кодекс-Куманикус», «Махаббат-Наме», «Нахыж-ул-Фарадис», «Жүсіп және Зүлейхан», «Гүлістан», «Домбауыл», «Қисса-Наурыз», «Тарих-Қыпшақ» және т.б. дастандары кіреді.

Қыпшақ тілінің жарқын ескерткіші «Кодекс-Куманикус», бұл қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақтардың сөз жұмбақтары, афоризмдері, өлеңдер фольклорының үлгісі. Қазіргі таңда Кодекс-Куманикус» Венецияда Әулие Марктің мешітінде сақталынады.

Қазіргі кезеңдегі сәулеттің бірегейі Тимур кезеңінде (Қазіргі Түркістан) Яссы қаласында көтерілген Хожа Ахмет Яссауидің мешіті. Қазақ хандығы кезінде, мешіт хандарды және басқа да атақты адамдарды жерлеу жері болған. Бұл жерді ұлы Абылай-хан, Жолбарыс-хан, Есім-хан, Қазыбек-би, Жәнібек-би сынды басқа да адамдар жерленген. Алты ғасырдан асса да бұл ғимарат келушілерді әліге дейін таңдандырады, ол өзінің көлемімен ғана емес, әсемдігі мен өнердің қайталанбас байлығымен өзгешеленеді.

Қазақ хандығының құрылуымен XV-XVIII ғ.ғ жалпы халықтық табиғи руханияттың дамуы басталды. XV ғасырдағы өлеңдер мен философияда аты аңызға айналған тұлғалар Жәнібек және Керей – Хасен Сабитұлы. Олар хандардың бірінші кеңесшісі дәрежелерін иеленіп, халықтың ішінде Асан-қайғы деген, Томас-Морға және Томазо Компанеллеге ұқсап атаққа ие болды. Қазақ әдебиетінің тарихына "Тарихи Рашиди" Мұхаммед Хайдари Дулати, "Жамағат Тауарих" Кадырғали Қосан ұлы Жалаиыр жазбалар жинағы үлкен мәнге ие. Ол кезеңдердегі Сыпыра жырау, Шалкиіз, Қазтуған, Ақтамберді, Бұхар жырау жырау-ақындарымен көптеген дастандар мен эпостар, өлеңдер әдет-ғұрыпы жазылды. Ауызша халық шығармаларының аты аңызға айналып, көпшіліктің жүрегіне басылған. Олар "Қобыланды-батыр", "Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу", "Қыз Жібек" ұлттық рухтың нышаны.

Ұлы ойшыл, теңеуі жоқ суретші, композитор, тыным таппайтын ойшыл Абай, өз кезеңінің ұлы ақыны, әлемдік даңқы бар тұлға.

13 – жасында араб, парсы, чағатай, орыс тілдерін меңгеріп, Шығыс классиктерінің шығармаларын оқыған. Ол қазақ тіліне Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты, Гете, Шиллерді, Байронды шығармаларын жазды. Аты өлмес шығармалар мен поэзия, өлеңдер және музыка "Қара сөздер" (Слова назидания) - ақын прозасы діни-философиялық аңсар болып, халық даналығының бар тереңін көрсететін, барша адамзатқа деген махаббаты төгілген.

Қазақ ғалымдарының біріншісі, әлем мәдениетіне өз үлесін қосқан Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Ол қазақ және қырғыз елдерінің аңыз бен ертегілерін, дәстүр мен салттарын, тіл және діндерін зерттеген. Шоқанның жазған «Қырғыз-қайсақ ордаларының Үлкен ежелгі аңызында» «Қазақтардағы шамандықтың іздері», «Қашғари туралы жазбалар», «Даладағы мұсылмандық» және басқада ғылыми еңбектерінде жүйелі түрде қазақ және басқа да түрк тілді қандастарымыздың мәдениетін баяндаған.


пікір жіберу
басып шығару жоғары
       
Жариаланды: 30.09.07
Қаралды: 3924