ru en
Персонализация Сертификатпен кіру
ИИНКілт сөз:
Тіркелу Парольді ұмыттыңыз ба?
Билік Азаматтар Бизнес Шетелдіктер Менің порталым
 
ауа райы 
Астана+17 - +23
Алматы+25 - +30
Қаланы таңдау

Анонс

2007 жылдың 5 наурызында «электрондық үкімет» порталында «Азаматтардың өтініштерін қабылдау» сервисін пилоттық режимде жіберу жүзеге асырылды.
Бұл сервис Қазақстан Республикасының азаматтарына өз өтініштерін мемлекеттік органдарға беруге мүмкіндік туғызды және мемлекеттік орган тарапынан мемлекеттік органға жетті, орындауға жіберілді, орындалды және т.б. сияқты жауап реакцияларын беруге кепілдік береді.

Осы сервистің көмегімен Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік органдарына өтініш жіберуге болады?

Аталмыш сервис өтінішті осы сервистен қабылдауға мүмкіндік беретін электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі орнатылған мемлекеттік органдарға ғана өтінішті жібереді..
Бүгінгі күні Сіз төмендегідей мемлекеттік органдарға өз өтініштеріңізді жібере аласыздар:

  1. ҚР Президентінің әкімшілігі;
  2. ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі;
  3. ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі;
  4. ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі;
  5. ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі ҚР агенттігі;
  6. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ;
  7. ҚР Бас прокуратурасы;
  8. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
  9. ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті;
  10.  ҚР Әділет Министрлігі;
  11.  ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі;
  12.  ҚР Ішкі істер министрлігі;
  13.  ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар саласындағы Мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі комитеті
  14.  ҚР Индустрия және сауда Министрлігі;
  15. ҚР Туризм және спорт Министрлігі;
  16. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
  17. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі.

2007 жылдың соңына дейін пилоттық жобаның нәтижесі бойынша барлық орталық мемлекеттік органдар сервиске қосылатын болады.
Бұл сервисті пайдаланбас бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына азаматтар өтініш жіберу кезінде толық, нақты емес ақпаратты бергені үшін азаматтардың пероналды жауапкершіліктің бар екенін Сіздерге ескертеміз (ҚР Президентінің Жарлығын қараңыз).
Енгізілген персоналды мәліметтер мемлекеттік органға хабарлама жіберуде пайдалатын болғандықтан, оның толықтығы мен нақтылығы Сіздің жаупкершілігіңізде.
Сіз енгізген персоналды мәліметтер өзгерген жағдайда, Сіз өзіңіз оны өзгертіп, немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына өтініш жіберуден бас тартуға тиіссіз.
Портал арқылы өтініш беру үшін бірінші кезекте идентификация және аудентификация процедурасынан өту қажет. Порталда аудентификацияның екі нұсқасы бар:

  1. Аудентификацияның күшті құралы саналмайтын мт пен кілт сөз бойынша;
  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығымен (ҰКО) берілген цифрлық сертификаттың көмегімен. Аудентификацияның бұл формасы кілт сөзден гөрі ыңғайлы әрі қауіпсіз, себебі пайдаланушыға белгілерді есте сақтау қажеттілігін және сырттан кірушілердің кілт сөзді тауып алуларының мүмкіндіктерін тежейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының уақытша  регламентін мына жерден қарауға болады.
Аудентификациядан өткен соң қолданушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланатын «Азаматтардың өтінішін қабылдау» сервисі ұсынылады.
Қолданушы нұсқамасын мына жерден қараңыз.
ЭЦҚ электрондық құжатқа заңдық мағына беретін ақпараттық қауіпсіздіктің мынадай үш негізгі сервисін ұсынады:

  1. аутентификация — транзакция субъектісімен ұсынылған идентификацияның түпнұсқасын тексеру немесе өзі туралы электрондық құжат айналымын тексеру;
  2. тұтастық— қайнар көзінен (автордан) берілетін мәліметтердің өзгермеуін қамтамасыз ету. Берілген ақпарат өзгеруі мүмкін, бірақ ЭПҚ тексеру процесінде бұрмаланушылық тез байқалады;
  3. бас тартпау — берілген хабарламаларды электрондық цифрлық қолтаңбаға жатқызудан бас тарту мүмкін емес.

Осыған орай, ҚР азаматына өзінің жұмыс орнынан тікелей мемлекеттік билік органдарына өтініш жіберуге немесе ҰКО берілген цифрлық сертификат болған жағдайда мемлекеттік билік органдарына сұраныс жасауға ыңғайлы мүмкіндік беріледі.

Тәжірибелік қолданыс аясында цифрлық сертификат Астана қаласының тұрғындарына жинақ-диск түрінде ҚР Ұлттық куәландырушы орталығында тегін берілді.

Толығырақ ақпаратты  «Ұлттық ақпараттық технологиялар» Акционерлік қоғамынан мына мекен-жай бойынша ала аласыз:

Қазақстан Республикасы, 010000 Астана,
Солтүстік жағалау, Министрлер үйі,
Блок А, Серверлік орталық,
№ 301 кабинет
тел.: (8 7172) 74-11-76, 74-11-68