ru en
Персонализация Сертификатпен кіру
ИИНКілт сөз:
Тіркелу Парольді ұмыттыңыз ба?
Билік Азаматтар Бизнес Шетелдіктер Менің порталым
  Мемлекеттік қызмет   Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту  


Preparatory classes are a form of mandatory training for children of senior preschool age. They were established due to a number of reasons, but above all, because of massive closing of preschool organizations, which in 1995 to 1999 resulted in absolute majority of children’s entering primary schools not having achieved the required level of general personal development, and not having been prepared for studying at school in terms of psychological, cognitive, and general cultural background. Most of those children, when they found themselves in a new situation at school, felt uncertainty when orientating in the environment. Such first-grade pupils’ unconfident behavior caused their classmates’ negative emotions, which, of course, hurt their mentality and aroused unkindly attitude even on the part of the teachers. For that matter, in 1998-1999, Kazakhstan Ministry of Education & Science, in terms of preparing the draft Law “On Education”, initiated the working out of a new regulation on mandatory, free preparation for school for 5 to 6 age children in government-owned education institutions in terms of comprehensive education program, so called PREPARATORY CLASS.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының магистратурасы жайлы мағлұмат.


Академияның магистратурасына Қазақстан Республикасының азаматтары, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын және жоғары кәсіптік білімі бар шетел азаматтары қабылданады.
Басқа шетел азаматтары Академияның магистратурасына Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар мен келісімдер негізінде қабылданады.

Мамандықтар:
  • 6N0510 - "Мемлекеттік және жергілікті басқару" (Мемлекеттік және жергілікті басқару институты)
  • 6N0301 - "Юриспруденция" ( Әділ сот институты)  
  • 6N0202 - "Халықаралық қатынастар" (Дипломатия институты)
Академия магистратурасында оқу мерзімі - 2 жыл.
Академияның магистранттар контингентін қалыптастыру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі – бюджеттік бағдарламаның әкімшісі айқындайтын қаржыландыру көлемінің шегінде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен магистратураға қабылданатын азаматтардың санын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бекітеді.
Академияның магистратурасына түсу емтихандарын өткізу және оқуға қабылдау кезеңіне қабылдау, пәндік емтихандық және апелляциялық комиссиялар құрылады, оның құрамы мен өкілеттігін Академия ректоры бекітеді.
Академияның ректоры қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады. Қабылдау комиссиясы магистратураға қабылдау мәселелерін шешеді.
Академияның қабылдау комиссиясы мыналарды айқындайды және хабарлайды:
  • Академияның магистратурасына қабылдау ережелері;
  • құжаттарды қабылдау жарияланған мамандықтардың лицензияға сәйкес тізбесі;
  • әрбір мамандық бойынша республикалық бюджеттен қаржыланатын орын саны;
  • әрбір мамандыққа түсу емтихандарының тізбесі, олардың бағдарламалары, оларды өткізу тәртібі, сондай-ақ оқуға түсушілердің білімін бағалау жүйесі;
  • бюджеттен қаржыланатын орындарға қабылдауды ұйымдастыру;
  • оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша апелляцияларды беру және қарау ережелері;
  • Академия магистратурасына қабылдау тәртібі. 
Академияның магистратурасына мемлекеттік секторда жұмыс істейтін, жоғары кәсіптік білімі бар, мамандығы бойынша еңбек өтілі 2 жылдан кем емес, 35 жасқа дейінгі, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының жолдамасы бойынша қабылданады.***
«6N0202-Халықаралық қатынастар» мамандығына мемлекеттік қызметшілер қатарынан – дипломатиялық қызмет персоналы, жоғары кәсіптік білімі бар, дипломатиялық қызмет саласындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес және дипломатиялық дәрежесі 3-хатшыдан төмен емес, 40 жасқа дейінгі азаматтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР СІМ) құрылымдық бөлімшелері басшыларының жолдамасы бойынша қабылданады.
  
Оқуға түсу емтихандарын өткізу тәртібі.
Магистранттар қатарына оқудың алдыңғы деңгейлеріндегі жалпы рейтингілік балы 4,0 кем (5 балдық шкала бойынша) балл жинаған азаматтар қабылдауға жіберілмейді.


Академияның қабылдау комиссиясына мына құжаттар өткізіледі:
  • ректордың атына жазылған өтініш;
  • жоғары кәсіптік білім туралы құжат қосымшасымен (түпнұсқа);
  • 3х4 көлемді 6 фотосурет;
  • 086-У үлгідегі медициналық анықтама;
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • жұмыс орнынан жолдама және мінездеме;
  • еңбек кітапшасының нотариалды расталған көшірмесі;
  • жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған істеген қызметтерінің тізімі, мемлекеттік қызметтегі санаты мен еңбек өтілі көрсетілген анықтама.
Магистратураға түсушілер шет тілінен, арнайы пәннен оқуға түсу емтихандарын тапсырады.
Академияның қабылдау комиссиясы шет тілі мен арнайы пән бойынша емтиханды жоғары кәсіби білімнің алдыңғы деңгейлерінің бағдарламасы көлемінде жүргізеді.

Емтихандарды қайта тапсыруға жол берілмейді. Академияның магистратурасына қабылдау емтихандарының бағдарламалары жоғары кәсіптік білім пәндері бойынша типтік бағдарламалар негізінде қалыптасады.

Қабылдау комиссиясының шешімімен келіспеген оқуға түсушінің апелляциялық комиссияға өтініш беруге құқығы бар. Апелляциялық комиссия өтініштерді қарастырып болғаннан кейін, емтихан жұмыстарының бағасы туралы соңғы шешімді шығарады.
 
Магистратураға қабылдау тәртібі        
Қабылдау комиссиясы магистранттар қатарына қабылдауды оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырады. Конкурстың қорытындысын шығару кезінде Академияға магистрлік білім бағдарламасын игеруге аса қабілетті және дайындығы мол азаматтар қабылданады.
Магистранттар қатарына қабылдауға шет тілі және арнайы пән бойынша оқуға түсу емтихандарынан 8 балдан кем (әрбір пән бойынша білімін бағалаудың 5 балдық шкала кезінде) балл жинаған азаматтар жіберілмейді.
 Бірдей балл жинаған жағдайда үздік үлгідегі жоғары кәсіптік білімі туралы дипломы бар азаматтар басым құқыққа ие болады.
Қабылдау комиссиясы Академияның Ғылыми кеңесіне магистранттар қабылдауды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарының қорытындысы туралы есеп береді.
Мемлекеттік қызметшінің жұмыс орны (лауазымы) сақталады, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1611 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы туралы Ереженің 31-тармағына сәйкес жұмыс орны бойынша мемлекеттік стипендия төленетін болады (соңғы жұмыс орны бойынша лауазамдық жалақы мөлшерiнде).

пікір жіберу
басып шығару жоғары
       
Жариаланды: 05.11.07
Қаралды: 2250