ru en
Персонализация Сертификатпен кіру
ИИНКілт сөз:
Тіркелу Парольді ұмыттыңыз ба?
Билік Азаматтар Бизнес Шетелдіктер Менің порталым
  Сот билігі   Сот жүйесі  


Preparatory classes are a form of mandatory training for children of senior preschool age. They were established due to a number of reasons, but above all, because of massive closing of preschool organizations, which in 1995 to 1999 resulted in absolute majority of children’s entering primary schools not having achieved the required level of general personal development, and not having been prepared for studying at school in terms of psychological, cognitive, and general cultural background. Most of those children, when they found themselves in a new situation at school, felt uncertainty when orientating in the environment. Such first-grade pupils’ unconfident behavior caused their classmates’ negative emotions, which, of course, hurt their mentality and aroused unkindly attitude even on the part of the teachers. For that matter, in 1998-1999, Kazakhstan Ministry of Education & Science, in terms of preparing the draft Law “On Education”, initiated the working out of a new regulation on mandatory, free preparation for school for 5 to 6 age children in government-owned education institutions in terms of comprehensive education program, so called PREPARATORY CLASS.

Cот жүйесі


Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi соттар құрайды. 

Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:
  • облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот - Қазақстан Республикасының Әскери соты, мамандандырылған қаржылық соттар және басқалар);
  • аудандық және оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот - гарнизонның әскери соты және басқалар). Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

    Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң бiрлiгi: 
        
          1) Конституцияда, Конституциялық заңда, iс жүргiзу және өзге де заңдарда белгiленген, барлық соттар мен судьялар үшiн ортақ және бiрыңғай сот төрелiгi принциптерiмен;
         2) сот билiгiн барлық соттар үшiн сот iсiн жүргiзудiң заңдарда белгiленген бiрыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;
         3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолдануымен;
         4) заңдарда судьялардың бiрыңғай мәртебесiн баянды етумен;
         5) заңды күшiне енген сот актiлерiн Қазақстанның бүкiл аумағында орындаудың мiндеттiлiгiмен;
         6) барлық соттарды тек қана республикалық бюджет есебiнен қаржыландырумен қамтамасыз етiледi.
  • Жергілікті және басқа соттардың қарауына жататын азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы – Жоғарғы сот болып табылады.
  • Жоғарғы сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.
  • Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
 Жоғарғы Соттың органдары мыналар:
 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi, сондай-ақ сот статистикасын жүргiзудi Жоғарғы Соттың Аппараты жүзеге асырады.
           
Жергiлiктi соттардың қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi, сондай-ақ соттарда сот статистикасын жүргiзудi Қазақстан Республикасының Президентi құратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

Қосымша:
пікір жіберу
басып шығару жоғары
       
Жариаланды: 30.05.08
Қаралды: 1544