Пациенттерге емделуге жатқызу үшін жолдама беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз..
Қызметті Мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе медициналық ұйым мамандарының жолдамасы.
- Бағытталған диагноз бойынша клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері (диагноз қою және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес).
Қызмет көрсету нәтижесі
001-3/е нысаны бойынша берілген стационарға емдеуге жатқызуға жолдама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы.
Портал арқылы - мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.