Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін шаруашылық пайдалылығына мемлекеттік сынау
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)
- Селекциялық жетістікті шаруашылық пайдалылығына сынауға арналған өтінім.
- Cелекциялық жетістіктің сауалнамасы (тиісті дақылға арналған нысан бойынша).
- Тиісті тектері мен түрлері үшін селекциялық жетістіктің сипаттамасы.
- Гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродуктивтік бөліктерінің және шаруашылықта пайдалану фазасында қалыпты дамыған өсімдіктің сұрып атауы (егер аты айқындалмаса, онда селекциялық нөмірі көрсетіледі) көрсетілген масштабты сызғышы бар фотографиялары.
- Өтінім беруге арналған құқығын растайтын құжат (құқықтық мирасқорлар және делдалдар үшін).
- Сынаққа берілетін сұрыпта генетикалық түрлендірілген объектілердің жоқ екендігі туралы құжат не генетикалық түрлендірілген объектілердің құрамына жүргізілген сараптама нәтижелері (шетелдік селекциядағы сұрыптар үшін).
Қызмет көрсету нәтижесі
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.