Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру
Қызметті онлайн режимінде пайдалану
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Порталда мекенжай мәліметтерін жеке тұлғалар ғана ала алады. Онлайн-қызмет 2007 жылдың 13 тамызынан ерте емес кезеңде баланың туу туралы жазба актісі жазылған азаматтар үшін қолжетімді.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):
- Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
- Туу туралы куәлік (мекенжай мәліметтерін жақын туысқандарына алу кезінде туысқандық байланыстарды растау үшін).
- Көрсетілетін қызметті алушыға жеке тұлғаға қатысты мекенжай мәліметтерін беру үшін, оның жақын туыстарын қоспағанда, осы тұлғаның нотариалды расталған келісімі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді электрондық түрде беру.