Жылжымайтын мүлік туралы ақпаратты жүйеде түзету
Қызметті онлайн алу жолы
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімде көрсетілген барлық міндетті жолдарды толтыру.
- Өтінімге құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу
Құқықты белгілейтін құжаттардың тізілімі:
- Сату-сатып алу шарты;
- Сыйға беру шарты;
- Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік;
- Жекешелендіру туралы шарт;
- Пайдалануға қабылдау актісі;
- Жер учаскесіне акті;
- Заңдастыру туралы шешім;
- Сот шешімі;
- Бұзу шарты;
- Қабылдау және беру актісі;
- Цессия шарты;
- Жалға алу шарты;
- Беру шарты;
- Өсиетхат бойынша мұраға құқық туралы куәлік;
- Тіркеу кәлігі;
- Кепіл шарты;
- Қосымша келісім (сот және банктік).
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):
- заңды тұлға үшін өкілеттіктерін растайтын құжат бойынша;
- жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша.
- ЖМТ МДҚ-да жылжымайтын мүлік объектісінің қате мәліметтерін түзету бойынша қызметті алуға өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкiлінің жеке басын куәландыратын құжат (төлнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшiн берiледi), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшiрмесi.
- Құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасы (сондай-ақ бар болған жағдайда жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты және жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты).
Қызмет көрсету нәтижесі
Мемлекеттік корпорацияда - өтінімді орындау нәтижесі/дәлелді бас тарту туралы хабарлама, сондай-ақ ЭҮП есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркеген және қосылған жағдайда, өтінімді орындаудың аяқталғаны туралы sms-хабарлама.
Порталда - Көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП-дағы жеке кабинетіне ЖМТ МДҚ-дан жылжымайтын мүлік объектісінің қате мәліметтеріне жүргізілген түзетулер туралы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық хабарлама келіп түседі, сондай-ақ ЭҮП есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркеген және қосылған жағдайда, өтінімді орындаудың аяқталғаны туралы sms-хабарлама.