Ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар):
Қазақстан Республикасының резиденті – көрсетілетін қызметті алушы ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін:
- Ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру туралы өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушы жарғысының (салыстырып тексеру үшін тұпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі.
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Банктер туралы заңның 20-бабының талаптарына сәйкес ислам банкінің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғалардың құжаттары.
- Банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі, кредит комитеті туралы ереже.
- Штаттық кесте (қызметкерлердің тегі, аты және бар болса әкесінің аты көрсетіп).
- Жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
- Банктер туралы заңның 26-бабы 2-тармағы талаптарының орындалғанын растайтын құжаттар.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін:
- Ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш.
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
- Банктер туралы заңның 20-бабының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент- банкі филиалының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары.
- Штаттық кесте (қызметкерлердің тегі, аты және бар болса әкесінің атын көрсете отырып).
- Банктер туралы заңның 26-бабы 2-тармағы талаптарының орындалғанын растайтын құжаттар.
- Банктер туралы заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес резерв ретінде қабылданатын активтердің қалыптастырылғанын растайтын құжат.
- Қазақстан Республикасының бейрезидент – ислам банкінің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі, кредит комитеті туралы ережелер.
Көрсетілетін қызметті алушы ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент- ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін:
- Ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш.
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы талаптары туралы ереже.
Көрсетілетін қызметті алушы банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде лицензия алу үшін:
- Ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш.
- Ислам банкінің жарғысы қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда оның көшірмесі (салыстырып тексеру үшін жарғының түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариатта куәландырылған);
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Банктің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесі туралы ереже.
- Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ереже.
- Ислам банкінің ішкі кредит саясаты туралы ереже.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделсе):
- Көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы не өтінішті беруге уәкілетті тұлға қол қойған, еркін нысандағы өтініш (растайтын құжаттарды қоса бере отырып).
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын берген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін:
- Лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш (ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы үшін).
- .ицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан көп банк операцияларын және өзге де операцияларды алып тастаған жағдайда лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделсе) көрсетілетін қызметті алушының кеңсесіне жіберіледі.
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
- Ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері.
Қызмет көрсету нәтижесі
Лицензияны беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияны қоса берумен лицензияның телнұсқаларын беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.