Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Көрсетілетін қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да (жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде) қалай алуға болады:
- Өтініш.
- Паспорттың көшірмесі (Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
- Діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген құжат (берілген күнін көрсете отырып, діни бірлестік басшысының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған).
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және миссионер өкілі болып табылатын дiни бiрлестiк жарғысының көшiрмесi.
- Миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар.
- Дінтану сараптамасының оң қорытындысы (болған жағдайда) туралы хаттың көшірмесі.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
- Миссионер өкілдік ететін діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат.
- Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыруы.
* Шет тіліндегі құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашының қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде ұсынылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.