Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Көрсетілетін қызметті беруші Аграрлық ғылым саласындағы сыйлықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті болып табылады.
Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру үшін қажетті құжаттар:
- Кітаптар, монографиялар, оқулықтар, кітапшаланған мақалалардың баспа-таңбалары, патенттердің көшірмелері, авторлық куәліктер, мемлекеттік тіркеуден өткен ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептер түрлеріндегі ғылыми жұмыс.
- Мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (0,5 беттен аспайтын).
- Жұмыстың қысқаша аннотациясы.
- Жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді.
- Сыйлық алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама.
- Сыйлық алуға үміткердің шығармашылық үлесі көрсетілген ғылыми қызметіне қысқаша сипаттама (ұжым жұмыстары үшін).
- Негізгі ғылыми жұмыстардың тізімі (5-тен аспайды).
- Жұмысты ұсынушы ұйымнан конкурсқа ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанын куәландыратын анықтама.
Бұл ретте осы тармақтың 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сыйлық алуға үміткер жұмыстан босатылған жағдайда оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады.
Мемлекеттік ғылыми стипендияны беру үшін қажетті құжаттар:
- Тиісті ұйымның ілеспе хаты.
- Ұйымның консультативтік-кеңесші органының мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткерді ұсыну туралы отырысы хаттамасынан үзiндi.
- Ұйымның консультативтік-кеңесші органының уәжделген қолдаухаты (ұсынымы).
- Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама.
- Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің соңғы бес жылда жарияланған ғылыми жұмыстарының тізімі, сондай-ақ ең маңызды жұмыстардың баспа-таңбалары (бестен аспайды).
Монография бойынша екі бетке дейінгі көлемдегі басылған аннотация беріледі (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алуға жеңілдіктер көзделмеген).
Мемлекеттік корпорацияға қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша жүзеге асырылады.