Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Барлық міндетті өрістерді толтырып, файлдарды бекітіңіз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш
- Жеке басты куәландыратын немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің жеке басты куәландыратын құжаты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін)
- Өзектендіруге жататын азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі (АХАЖ АЖ мәліметтер болмаған жағдайда)
- Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат
Қызмет көрсету нәтижесі
АХАЖ АЖ-дегі мәліметтерді өзектендіру туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап