Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Автор, авторлық ұжым, баспа (әзірлеуші) Мемлекеттік корпорация арқылы Көрсетілетін қызметті берушіге келесі материалдарды жібереді:
- үлгідегі оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жүргізуге өтініш;
Өтініште оқу әдебиетінің титулдық парағына сәйкес автор(лар)дың аты-жөні мен тегі, МЖМБС-дағы (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларындағы) оқу пәнінің (пәннің) атауына сәйкес атауы, сыныбы (курсы), тілі, шыққан жылы мен орны көрсетіледі. Өтініште сондай-ақ Көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсына жұртшылықтың кең ауқымының қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін оқулықтың электрондық нұсқасын ("Жоба" белгісі бар PDF форматта) орналастыру туралы өтініш көрсетіледі.
- әзірлеуші (автор, авторлық ұжым) туралы мәліметтер: авторлардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері (ғылыми дәрежесі мен атағы, біліктілік санаттары, оқулықтарды әзірлеу саласы бойынша оқу курстарынан өткендігі туралы сертификаттар, байланыс деректері);
- оқулық Тізбеге енген жағдайда, оның электрондық нұсқасын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру туралы баспаның, әзірлеушінің жазбаша келісімі;
- баспа басшысының қолы қойылған оқулықтың МЖМБС талаптарына, үлгілік оқу бағдарламасына және оқулықтың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкестігін көрсететін баспаішілік сараптама қорытындысы;
- баспа басшысының қолы қойылған оқу материалдарын және алғашқы дереккөздерді пайдалану кезінде авторлық және азаматтық бұзушылықтың болмауы туралы кепілхат;
- оқулықтың (оның ішінде PDF форматтағы электрондық нұсқасы), ОӘК мен ОӘҚ-ның үш дана түпнұсқа-макеті, баспасы мен авторларын көрсетпей аударма оқу басылымының түпнұсқасы, баспасы мен авторы (авторлары) көрсетілген оқулықтың бір түпнұсқа-макеті (оның ішінде PDF форматындағы электрондық нұсқасы), сондай-ақ соңғы тұтынушыға арналған қаптамадағы электрондық CD оқулықтар, ОӘК және ОӘК;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқулықтары, ОӘК мен ОӘҚ үшін пән бойынша оқу бағдарламасы;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу басылымдары үшін - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының республикалық оқу-әдістемелік бірлестік шешімінен көшірме;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқулықтары, ОӘК мен ОӘҚ үшін - мамандықтардың топтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің шешімінен көшірме;
- электрондық жеткізгіштегі оқулықтар, ОӘК мен ОӘҚ үшін - еркін нысандағы пайдаланушыларға арналған орнату және басшылыққа алу нұсқаулығы;
- төлемді растайтын құжат (сараптаманы ақылы негізде жүргізген жағдайда).
Қызмет көрсету нәтижесі
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру.