Инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету
Қызметті онлайн алу үшін:
- Авторизациядан өту және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту (қызмет алу үшін www.qoldau.kz сайтында тіркелген болуыңыз тиіс немесе бір реттік тіркелуіңіз тиіс).
- Өтінімді www.qoldau.kz сайтында толтырып және оны ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз. Көрсетілген уақыттың ішінде келіп түсетін, тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз https://dkb.qoldau.kz/kz/dkb/infra/info
Қызметті мемлекеттік органда қалай алуға болады (қажетті құжаттар)
- Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтінім.
- Бизнес-жоспар.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларына сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
- Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен).
Қызмет көрсету нәтижесі
Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасынан үзінді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.